Қоғам

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді

Қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын
Sputnik

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіқылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының полициясы Беслан Лорсановты 2011 жылдан бері іздестіріп келген. Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруымен қарақшылық шабуыл жасаған, салдарынан бір адам мерт болды. 

Миллиондап ақша ұрлаған қылмыскер Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Олардың келтірген материалдық шығыны 300 миллион теңгеден асады. 

Күдікті қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Қазіргі уақытта Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Ұзынағашта қаныпезер бір отбасын ойрандап кетті>>