Спорт

Еуропалық бомбардир "Қайрат" футбол клубы құрамында ойнауы мүмкін

Мартон Эппел Венгрия чемпионатында 14 гол соғып көзге түскен
Sputnik

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Венгрия ұлттық құрамасының шабуылшысы Мартон Эппел сенбі күні "Қайрат" футбол клубына қосылу үшін медициналық тексеруден өту мақсатында Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Sports.kz Nemzeti Sport басылымына сілтеме жасап.

Ресей спорт шебері Қазақстан футбол құрамасын жаттықтыратын болды

Венгриялықтың денсаулығында еш кінәрат болмаса, тараптар шартқа қол қояды, өйткені барлық мәселе талқыланып, өзара бітімге келген. 

"Әлбетте, шабуылшы "Қайраттың" көзіне бірден түскен, себебі өткен маусымда Венгрия чемпионатында 14 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті", — деп жазады венгриялық БАҚ.

Мартон Эппелдің сапары сәтті аяқталса, алдағы уақытта отандасы Акош Элекпен бір клубта ойнайтын болады. Жартылай қорғаушы Қазақстанда бір жарым жылдан бері тұрады, Мартонға "Қайрат" пен Қазақстан жайлы бәрін айтып берсе керек.

Футболдан әлем чемпионаты жайында бүкіл ақпаратты мына жерден біле аласыз>>