АСТАНА, 25 маусым— Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжып келе жатқан жоғарғы циклон әсерінен кей жерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауылды жел күшейеді.
Бұл циклонмен байланысты атмосфералық фронттар республиканың орталық, шығыс және оңтүстігіне ықпал етеді. Кей жерде найзағай, өткінші жаңбыр, күшті екпінді жел, бұршақ болуы мүмкін.
Ауа температурасы климаттық нормаға жуық және 1-3°С төмен, тек батыста атициклонның әсері сақталып, бұрынғысынша күндіз ауа температурасы 35…42°С ысиды, бұл қалыпты нормадан 3…6°С жоғары.
Астана мен төрт облыста дабылды ескерту жарияланды>>