АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
25-27 маусымда Батыс Қазақстан, 26-27 маусымда Атырау облыстарында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
25-26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады, найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Кей жерде нөсер жаңбыр жауады.
Астана қаласында алдағы ек күнде солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с болады, найзағай ойнайды.
Петропавл қаласында ертең қатты жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.
Синоптиктер: ертең елімізде бұршақ жауып, дауыл соғады>>
Дабылды ескерту: Қазақстанның батысында аптап ыстық болады>>