Қоғам

"Өзім - Қазына, балам - Құдайберген" Шымкентте тұрған америкалық әйелдің әңгімесі

АҚШ-тан келген қонақ Шымкент пен Алматы қалаларын салыстырды
Sputnik

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Өзінің және баласының есімін қазақшалап алған америкалық келіншек Шымкентте тұрған 2,5 жыл ішінде қазақ тілін меңгеріп алған. 

Әлеуметтік желіде қазақшаға судай америкалық келіншектің әңгімесі жазылған видео қызу талқыланып жатыр. Өзін Қазына деп таныстырған америкалық әйел Шымкент қаласында тұрған 2,5 жыл ішінде қазақ тілін үйреніп алған. Баласына да Құдайберген деген қазақша есім беріпті. Ал қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр. Ол видеода екі қаланы салыстырып, қайсысы көбірек ұнағанын айтады. 

"Көп айырмашылық бар. Бірақ, меніңше, Шымкент жақсырақ. Өйткені бұл қалада қарбалас жоқ, арзаншылық, адамдары ашық, қонақжай. Әрі көлік кептелісі жоқ", — дейді Қазына.  

Оның айтуынша, Шымкентте бәрі қазақша сөйлейді, тіпті өзге ұлттардың қазақшасы да жақсы. Ал Алматыда өз тілін білмейтін қазақтар бар. 

"Алматы үлкен қала, сондықтан орысша сөйлеу  қажет шығар", — дейді америкалық әйел.