АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Новосібір — Анталия рейсін орындайтын түріктің Pegasus әуекомпаниясының экипажы қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Атырау әуежайына қонды.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қозғалтқыштың бұзылғаны туралы хабарлама сағат 10.03-те түсті. 190 жолаушы мен алты экипаж мүшесінің ешқайсы зардап шекпеді.
"Экипаж Атырау әуежайына апатты жағдайда қонуға шешім қабылдады. Сағат 10.20-да ұшақ аман-есен қонды", — деп хабарлады Қазақстан инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.
Қозғалтқыштың бұзылу себебін мамандар анықтап жатыр.
Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: бір адам қаза тапқан>>
Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті>>