АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің жиырма жастағы немересі Ескендір Астанада жол апатынан көз жұмды. Марқұмның туыстары трагедияның куәгерлерін іздеп жатыр.
Ескендірдің досының айтуынша, жол-көлік оқиғасы Мәңгілік Ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында кешкі тоғыз-тоғыз жарымның аралығында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.
"Дәл қазір біз апаттың куәгерлерін іздеп жатырмыз. Оқиға орнынан фото-видео бар. Қазір Астана полициясы істің мән-жайын анықтауда. Туыстарының өтініші бойынша, басқа қандай да бір ақпаратты жариялай алмаймыз", — деді Sputnik-ке Ескендірдің досы.
Оның айтуынша, марқұм соңғы жылдары елордада тұрып, жұмыс істеген.
Ескендірдің жақындары апаттың куәгерлерінен +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.