АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Алматыда сенбі күні екі жойқын өрт болды, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстанға.
Жетісу ауданы Федоров көшесінде жеке тұрғын үй мен жанындағы техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, өрт аумағы 220 шаршы метр болыпты.
Бастапқы деректер бойынша, гараждағы жеңіл көлік түгі қалмай жанып, жақын маңда тұрған көлікке біраз зақым келді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Екінші төтенше жағдай Түрксіб ауданы Покрышкин көшесінде болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам көлігін жөндеп жатыпты. Toyota Corolla көлігінен шыққан өрт қасындағы төрт тұрғын үйді шарпыды. Жалпы өрт аумағы 290 шаршы метр.
Бастапқы деректер бойынша, өрт салдарынан ешкім зардап шекпеді. Өрт қысқаша тұйықталуы салдарынан шыққан болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент оқиғаның мән-жайын анықтайды.
Алматыда жол үстінде көлік өртеніп кетті>>
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті>>