Қоғам

Бозбала бойжеткенді іздеп жүр: ҰБТ кезінде ғашықтық хикаясы болды

Жас жігіт Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн-трансляциясы арқылы Арай есімді қызды танып, іздеп жүр
Sputnik

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Жас жігіт елордалық сауда орталығында шымкенттік қызбен танысады, бірақ нөмірін алмаған. Алайда бозбала жүрегін жаулаған мектеп бітіруші бойжеткенмен кезігудің амалын іздейді. Таңғаларлық оқиға жайлы Ұлттық бірыңғай тестілеу директоры Рамазан Әлімқұлов айтып берді.

ҰБТ-2018: Ерекше шпаргалка жасаған түлек министрліктің қызығушылығын тудырды

"Жақында Астана қаласының мектеп түлегі, Мерей есімді бозбала хабарласты. Биыл қаңтарда сауда орталығында Арай есімді қызбен танысыпты. Қатты ұнатып қалған екен, бірақ, өкінішке орай, аты мен қай өңірде тұратынын ғана білген. Шымкент қаласында тұратын бойжеткен", — дейді Әлімқұлов.

Түлек елордаға қонаққа келген қызды қалай да тауып алуға тырысады. Бозбала Арайдың биыл жазда ҰБТ тапсыратынын білген. Емтиханның онлайн-трансляциясы септігін тигізіпті. Жас жігіт оқушы қызды танып, ұлттық орталыққа хабарласады.

"Қыз туралы мәлімет сұрады. Біз қазір сонымен айналысып жатымыз. ҰБТ білімді тексеріп қана қоймай, адамдарды жақындастырады", — дейді Әлімқұлов.

Ғашықтық хикаясының немен аяқталатыны әлі белгісіз. БҒМ қызметкерлері шымкенттік Араймен кезіккісі келетін бозбалаға көмектесуге уәде береді.

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді>>

Биылғы ҰБТ жайында толық ақпарат>>