Қоғам

ҰБТ-2018: Ерекше шпаргалка жасаған түлек министрліктің қызығушылығын тудырды

Оқушы емтиханға су құйылған бөтелкенің сыртына шпаргалка жасап алып келген
Sputnik

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күнінің қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ең үздік шпаргалканы таңдады. 

Мектеп түлектерінің жылда ҰБТ-да шпаргалка пайдалануға тырысатыны жасырын емес. Биыл білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін астаналық түлектің ерекше шпаргалкасы қызықтырған. 

Оқушы оны емтихан тапсыратын кабинетке білдірмей алып өткен. Бір қарағанда түлектің  өзімен бірге алған минералды суының сыртындағы қағазы еш ерекшеленбейді. Бірақ жақынырақ қараған уақытта қағазда судың құрамы мен өндірушінің мекенжайы емес, химия бойынша формулалар жазылғаны анықталды. 

Ерекше шпаргалка

"Шынын айтқанда, бізді мұндай өнертапқыштық қуантады. Бұл түлектің функционалдық сауаттылығының деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Жыл сайын логикалық тұрғыда ойлау, талдау және бұл білімді өмірде пайдалану бойынша сұрақтар көбейіп келе жатқанын білесіздер", — деді орталықтың директоры Рамазан Әлімқұлов. 

Ресми емес рейтингте "шпаргалка-минералка" әзірге бірінші орында тұр. Оның авторына техникалық мамандықты таңдау ұсынылды. Оқушының бұл қабілеті елге пайдасын тигізуі мүмкін, дейді Әлімқұлов. 

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді>>

"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты>>

ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды: есінен танып, залдан қуылғандар кім?>>