АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, дауыл болады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Тек республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, тұман түседі.
Ақмола облысының, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Павлодар облысының, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Алматы, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.