Спорт

Мессиге сенген жігіт 2,5 миллион теңгеcінен айырылды

Алматы тұрғыны Аргентинаның жеңісіне қомақты ақша тігіп, бірден 4,5 миллион пайдаға кенелуді көздеген
Sputnik

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Кеше әлем чемпионаты аясында Аргентина құрамасы Хорватия футболшыларынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін қиындатып алды, деп хабарлады prosports.kz.

Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтып, финалда ресейліктермен ойнағысы келеді

Ал осы кездесу алдында отандық ақпарат құралдарында алматылық жанкүйердің "Месси гол соғып, Аргентина жеңіске жетеді" деген бәске 2,5 миллион теңге тіккені хабарланған еді. Букмекерлік кеңселер аталған бәсті 2.78 коэффициентке бағалаған. Осылайша, алматылық азамат бірден 4,5 миллион пайдаға кенелуді көздеген.

Шымкенттік "Реалдың" жеңісіне 10 миллион теңге тігіп, қомақты ұтысқа ие болды>>

Алайда, ойын нәтижесі басқаша болды. Матч аяқтала сала әлеуметтік желіде оқырмандар бәс тіккен жігіттің жолы болмағанына өкініш білдірді. 

Мессиге мұсылман жанкүйерлер қарсылық білдірді>>