Оқиға

Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті

Әйел адамның кабинеті сегізінші қабатта болған, полиция мен дәрігерлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

ҚОСТАНАЙ, 20 маусым — Sputnik. Қостанайда Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетте ер адам әйелін өлтіріп, терезеден секіріп кетті.

Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады

Ер адам университет қызметкеріне келген, күдікті кабинетте әйелді пышақтап өлтіріп, сосын сегізінші қабаттағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды "Алау" басылымы.

Қостанай облысы ішкі істер департаменті Sputnik агенттігіне ЖОО-да болған оқиғаны растады.

"Қазір мән-жайды айта алмаймыз. Оқиға орнында ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деп мәлімет берді полицейлер.