Қоғам

Фотодерек: алаулап батқан күн Астана тұрғындарын қайран қалдырды

Қала тұрғындары мен қонақтары бірнеше күннен бері қызара батқан күннің қайталанбас көрінісіне куә болып жүр
Sputnik

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Синоптиктер табиғаттың бұл ғажабын түсіндіре алмай әлек, сол себепті біз халық арасында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ырым-тыйымдарға жүгінуге мәжбүрміз.

Сонымен, ел арасында қалыптасқан сенім бойынша, күн ерекше қызарып батса, келесі күні жел соғады. Ал кешкісін аспан ал қызыл түске енсе, ертесінде үйден қолшатырды ала шыққан жөн.

1 / 3
Қызғылт түске енген бұлттар
2 / 3
Қызғылт түске енген бұлттар
3 / 3
Қызғылт түске енген бұлттар

Күн батар кезде қып-қызыл әрі үлкен болса ше? Онда суыққа әбден тоңған елордалықтар қуана берсін – алдағы күндері ауа райы жағымды болмақ.