Қоғам

Қайдасың, Грузия: Астанадан Батумиге әуе рейстері қайта ашылды

Рейстер аптасына бір рет жұма сайын Embraer 190-100 әуе кемесімен орындалады
Sputnik

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. "Georgian Airways" әуе компаниясы   жаз айларында Батуми-Астана-Батуми бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады, деп хабарлады ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Мәскеу – Қызылорда бағытында жаңа рейс ашылады

"Қазақстан азаматтары мен туристерге қолайлы болу үшін "Georgian Airways" әуе компаниясы 2018 жылдың 22 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Батуми-Астана-Батуми бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Рейстер аптасына бір рет жұма сайын Embraer 190-100 әуе кемесімен орындалады деп жоспарланған", — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 шілдесінде Тбилиси-Алматы-Тбилиси бағытымен бір рейс ұшады. 

Қазіргі уақытта, Қазақстан мен Грузия арасындағы тұрақты рейстерді отандық әуе компаниялары орындап жүр. Мәселен, "Эйр Астана" әуе компаниясы  Алматы-Тбилиси бағытымен аптасына 5 рет, Астана-Тбилиси аптасына 3 рет ұшса, "SCAT" әуе компаниясы Ақтау-Тбилиси бағытымен аптасына 4 рет қатынайды.