Саясат

Назарбаев Конституциялық кеңестің төрағасын қабылдады

Қазақстан президенті бүкіл заңдар Конституция ережелері мен нормаларына толық сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті
Sputnik

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев жұмыс күнін қалай дұрыс бастау керек екенін айтты

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа  конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.

Қазақстан президенті Конституциялық кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

"Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуі тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.