Өңірлер

"Сіз секілді тас жүректер басшы болмауы керек". ШҚО әкімі неге ашуланды?

Даниал Ахметов тасымалдаушы компанияларға тек ұсыныс жолдаумен шектелген басқарма басшысының жұмысын сынға алды
Sputnik

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аппарат отырысы барысында баяндама жасап тұрған Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Сұлтановты тоқтатып тастады, деп жазды altaynews.kz.

Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді

Шенеунік мүгедектерге қоғамдық көліктерді бейімдеу бағытында не атқарылғанын айтып жатқан болатын. Алайда, есепте нақты істен гөрі, құр сөз көп болды. Басқарма жолаушыларды тасымалдаушы компанияларға тек ұсыныс жолдаумен шектелген.

"Білесіз бе, облыста қаншама мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін? Олар жүз мыңдап саналады. Оларға автобустарға мініп, түсудің өзі өте қиың. Ал сіз ештеңе бітіріп отырған жоқсыз, нақты іс жоқ. Сіз секілді тас жүрек адамдар тиісті мемлекеттік лауазымды иеленбеуі қажет. Сол себепті тек міндетті атқарушы болып жүрсіз, сіз ешқашан басқарма басшысы бола алмайсыз, оны мен сезіп тұрмын", – деп айтып салды аймақ басшысы.