Әлем

Тәжікстанның мемлекеттік банкі Қытай ақшасымен несие бере бастады

Соңғы уақытта Тәжікстанда доллардың азайғаны жиі айтыла бастаған
Sputnik

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Тәжікстанның мемлекеттік "Амонатбанк" елде Қытай валютасымен несие бере бастады, деп хабарлады centralasian.org. 

Қазақстан Қытай азаматтары үшін визаны алып тастағаны рас па? СІМ жауабы

Мемлекеттік банк Қытай компанияларымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге юаньмен несие беріп, оны соманимен қайтаруға рұқсат беріп отыр.

Соңғы уақытта Тәжікстанда доллардың азайғаны жиі айтыла бастаған.

"Амонатбанк" Өзбекстанмен байланыс орнатқысы келетін кәсіпкерлерге долларда жеңілдікпен несие берілетінін де хабарлады. Биыл көктемде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары кезінде екі ел бірнеше келісімге қол қойған. Бұл келісімге сай, Ташкент Душанбеге тәжік кәсіпкерлерін қолдау үшін 100 миллион доллар қаржы бөлген.