Әлем

Қырғызстанда тағы бір бұрынғы премьер-министр ұсталды

Бішкектегі қыстыгүнгі ЖЭС апаты бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында бұрынғы лауазымды тұлғалар қамауға алынды
Sputnik

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қырғызстан министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Жанторо Сатыбалдиев жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. 

"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, экс-премьер-министр Жанторо Сатыбалдиев Бішкек ЖЭС-ын жаңарту туралы іс бойынша ұсталды", — деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Экс-премьер-министрге сыбайлас жемқорлық жасады және қылмысқа қатысы бар деген айыптаулар тағылған. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.

ЖЭС апатына қатысты іс бойынша бірқатар бұрынғы жоғары лауазымды тұлға ұсталған: бұрынғы премьер Сапар Исаков, Ұлттық энергетика холдингінің бұрынғы басшысы Айбек Калиев және энергетика саласының басқа да мамандары.