Оқиға

Алматы түбінде екі көлік соқтығысты: біреуі 140 метрге ұшып түскен

Жол апаты салдарынан үш адам ауыр жарақат алды
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында екі BMW соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Камбоджа ханзадасы жұбайымен жол апатына ұшырады

Казцик және Комсомол ауылдары арасындағы тас жолда жантүршігерлік көлік апаты болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қос BMW 5 көлігі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Қара BMW ауылға қарай бұрылмақ болады. Ал жасыл BMW қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып оны озбақ болыпты. Қара BMW жүргізушісі рөлді бұрып үлгермей, озып бара жатқан көлікті бүйірден қақты. Қатты соққыдан BMW аударылып, 140 метрге ұшып түскен. Екі көліктің де күл-талқаны шықты.

Жасыл BMW көлігінде болған үш адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

1 / 3
Алматы облысы Іле ауданында екі BMW соқтығысты
2 / 3
Алматы облысы Іле ауданында екі BMW соқтығысты
3 / 3
Алматы облысы Іле ауданында екі BMW соқтығысты