Өңірлер

Аяғыңызға ие болыңыз: жолаушының кесірінен жүргізуші жазаланды

Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 маусым — Sputnik. Алматыда аяғын көлік терезесінен шығарған жолаушының кесірінен жүргізушіге айыппұл салынды.

Оқиға куәгері Almaty_dtp тобында видеоны жариялаған.

 

 

Алматы ішкі істер департаменті хабарлағандай, көлік жүргізуші табылып, жазаланыпты.

"Жүргізуші көлік жүріп келе жатқанда бұлай істеуге жол бермеуі тиіс болатын. 19 жастағы У. есімді азаматқа қатысты хаттама толтырылып, 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды", — деп атап өтті Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі Жасұлан Байкенов.