АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Пойыз жолаушылары сақтандыру өтемақысын қалай алатынын "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы түсіндірді.
Келісім бойынша сақтандыру төлемдерін "Мұнай сақтандыру компаниясы" жүзеге асыруы тиіс. Филиалдар мекенжайы компанияның ресми сайтта көрсетілген.
Тиісті құжаттар:
- Сақтандыру өтемақысы туралы өтініш
- Сақтандыру жайтын дәйектейтін құжат, жәбірленушіге келген залал мөлшері белгіленеді
- Тасымалдаушы құрастырған теміржол көлігіндегі оқиғаға қатысты сақтандыру актісі
- Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы немесе жәбірленушінің мүгедектігін белгілеген арнайы мекеменің анықтамасы.
- Жәбірленушінің қайтыс болғандығы туралы нотариалдық куәлік көшірмесі немесе залал келген жәбірленушінің құқығын дәйектейтін құжат (көшірмесі).
- Жәбірленушінің жоғалтқан, жетіспейтін немесе бүлінген мүлігі (мүлкіне залал келген жағдайда)
- Сақтандырушы келтірілген шығынды өтегенін растайтын құжат
Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
- Алматы қаласындағы "Кеңес беру орталығы" Абылайхан көшесі —1, Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты, 2 қабат Конференция залы, тел. 8 (727) 296-13-15;
- Астана қаласы – Акті беруге қатысты: "Солтүстік" қызмет көрсету секторының бастығы Балтабаева Асемгүл Жұмабайқызы, тел. 8 (775) 635-77-33, 8 (7172) 94-27-28; жол жүру билеті құжатының көшірмесін алу үшін: "Солтүстік" билет сату секторының бастығы Риммер Марина Васильевна, тел. 8 (701) 611-50-97, 8 (7172) 93-27-06;
- Сақтандыру өтемақысы мәселесіне қатысты – 8 (7272) 581800 және 2258 ұялы телефоны (қоңырау тегін), ішкі нөмірі 1340, сондай-ақ — 8 (7172) 600-235.
Жексенбі күні Астана – Алматы жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Салдарынан 12 жасар бала қаза тауып, 14 адам зардап шеккен.