АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Нидерландыда автобус музыкалық фестиваль көрермендерін басып кетті.
Төтенше оқиға дүйсенбі күні Нидерландының оңтүстік-шығысындағы Лимбург провинциясында Pinkpop фестивалінде болған. Шағын ақ автобустың адамдарды басып кетуі салдарынан, бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шеккен, деп хабарлайды полиция.
Sputnik International жазғандай, қылмыскер оқиға орнынан қашып кетті. Қазір полиция оны іздеп жатыр.