Өңірлер

Пойыз апаты кезінде зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды

14 зардап шегушінің біреуі ғана ауруханаға жатқызылды, ол екі аяғын бірдей сындырып алған
Sputnik

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Жамбыл облысындағы пойыз апаты кезінде зардап шеккендердің аты-жөнін өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы жариялады.

Сынған аяғынан сүйегі көрініп тұрды – Шуда аударылған пойыздың жолаушысы

Қаза тапқан 2006 жылы туған жасөспірімнің аты-жөні Малинев Григорий Александрович, Шу қаласында тұрған.  

Медициналық көмекке жүгінген зардап шегушілер:  

1. Исламғали Ақерке Бақытқызы (1994 жылы туған, Балқаш)

2. Өміржанова Әйгерім Құрманғазықызы (1992 жылы туған, Балқаш)

3. Дәуітов Әлішер Кенжеболатұлы (2006 жылы туған, Астана)

4. Байжанов Әліби Махамбетиярұлы (1970, Астана)

5. Әубәкіров Дидар Ахатұлы (1980, Талдықорған)

6. Талғат Камишат (1987, Есік)

7. Кәрімова Айгүл (1977, Астана)

8. Сексенбаев Уәлихан Молдағұлұлы (1987, Тараз)

9. Воронцова Алина Юрьевна (1982, Шахтинск)

10. Воронцова Ева Валентиновна (2013, Шахтинск)

11. Севдеева Наталья Дмитриевна (1975, Шахтинск)

12. Севдеева Софья Дмитриевна (2008, Шахтинск)

13. Бозлақов Алмат Жомартұлы (1988, Алматы)

14. Самат Сұлтанәлі (2017, Есік)

Олардың арасында екі аяғын сындырып алған Әліби Байжанов ауруханаға жатқызылды. Кеше оның әйелі апаттың қалай болғанын айтып берген болатын.   

Кеше Жамбыл облысы Шу ауданында "Астана-Алматы" жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда 829 жолаушы келе жатқан.