Спорт

ӘЧ-2018: Бразилия алғашқы ойында жеңіске жете алмады

Бразилия құрамасы әлем чемпионатын тең есеппен бастады
Sputnik

АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатының басты фавориті саналатын Бразилия құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы матчында жеңіске жете алмады, деп хабарлады prosports.kz.

Футболдан әлем чемпионаты: Ресей алғашқы ойында 5:0 есебімен жеңіске жетті

Бразилиялықтардың қарсыласы Швейцария құрамасы болған. Матчтың 20-минутында Коутиньо "пентакомпеондарды" алға шығарған. Алайда екінші таймның басында Стивен Цубер баспен жасаған дәл соққысының арқасында есепті теңестірді.

Матчта қарсылас қақпасына 21 соққы бағыттаған Бразилия футболшылары екінші голын соға алмады. Еуропалық құрама азулы қарсыласпен кездесуде тең есепті ұстап қалды.

Осылайша, Е тобында Сербия құрамасы 3 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Швейцария мен Бразилияда бір ұпайдан. Коста-Рикада әзірше ұпай жоқ.

Бразилия – Швейцария 1:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Коутиньо, 1:1 – Цубер 50