Спорт

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтты
Sputnik

АСТАНА, 17 маусым — Sputnik. Жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп жазды Sports.kz.

Әлемді таңғалдырған қазақ боксшысы рейтингте 434 орынға бір-ақ көтерілді

Шавиниган (Канада) штатының Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде 20 жастағы қазақстандықтың қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы Густаво Гарибай (13-10-2, 5 КО) болды.  

Бірінші орта салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жекте Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бесінші раундта қазақстандық сол қолымен жойқын апперкот соққысын жасап, мексикалықты сұлатып салды. Садриддин кәсіпқой бокста 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтты, ал Гарибай карьерасында он бірінші рет жеңіліс тапты.   

Садриддин Ахмедовтың үшінші жекпе-жегіндегі шешуші сәттің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.