АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда жұма күні кешкісін екі бала терезеден құлап кетті, деп забарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі.
Бірінші жайт Шымкентте сағат 21.45 кезінде болыпты. Үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылғы ер бала бесінші қабаттағы балконнан құлап, ауруханаға түскен.
Екінші оқиға Екібастұзда 22.53 кезінде болды. Үйде жалғыз қалған бала бесінші қабаттағы терезеден құлапты. 2015 жылы туған сәби ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылардың айтуынша, екі бала да терезенің жақтауына өз беттерімен шығып, шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп тұрғанда, құлап кеткен.