Өңірлер

Алматы полициясы жедел жәрдемге жол бермеген жүргізушіні тапты

Жүргізуші әйел жедел жәрдем көлігінің жолын бөгеген
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Алматыда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізушіге айыппұл салынды, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.

Полицейлер оқиға куәгерлері түсірген видеоны қарап, жүргізушіні жазалауға шешім қабылдады.

"Honda көлігін жүргізген әйел тар жолда жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған. 30 жастағы И. азаматшаға қатысты хаттама толтырылды", — дейді жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

 

 

Тәртіп сақшылары құқық бұзушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.