Әлем

Қырғызстан президенті Мәскеуге қарапайым рейспен ұшқан

Сооронбай Жээнбековпен бірге алты-жеті адам ғана сапарға шыққандықтан, президент №1 бортты пайдаланудың қажеті жоқ деп шешіпті
Sputnik

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуге қарапайым рейспен ұшып барды. Бұл мәліметті мемлекет басшысының баспасөз қызметі Sputnik Қырғызстанға растаған.

Ресей астанасына Жээнбеков бейсенбі 14 маусым күні аттанды.

"Президентпен бірге алты-жеті адам ғана барғандықтан, №1 бортты пайдаланбауды жөн санады. Делегация құрамында – президент әкімшілігінің қызметкерлері мен оққағарлар", — делінген хабарламада.

 

 

Қырғызстан мемлекет басшысы іссапары аясында футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен, қырғыз диаспорасы өкілдерімен кездескен.