Фото

ӘЧ-2018: Ресей - Сауд Арабиясы матчының айшықты сәттері

Sputnik

"Лужники" алаңындағы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты Ресей құрамасының Сауд Арабиясы командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтуымен есте қалатын болды.

Аты аңызға айналған стадионға лық толған жанкүйерлер бір сәтке тыным таппай, ресейлік футболшыларға дем беріп отырды. Бұл, әлбетте, ойыншыларды одан сайын рухтандыра түседі.

Ресей құрамасының алдағы қарсыласы оңай болмас. 19 маусымда Санкт-Петербургте чемпионат иелері Мысыр құрамасына қарсы ойнайды.

Кешегі матчтың айшықты сәттерін Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.


1 / 16
"Лужники" стадионында өткен 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатының қоюшы режиссері танымал мәнерлеп сырғанаушы Илья Авербух болды.
2 / 16
Алуан түрлі, көздің жауын алатын көйлектер киген қыздар 32 қатысушы елдің мемлекеттік туларын алаңға алып шықты.
3 / 16
Әнші Робби Уильямс бірнеше ән орындап, көрермендерге ерекше көңілкүй сыйлады.
4 / 16
Ертегідегідей жалын құсы стадионға жиналғандардың бәрін тәнтті етті.
5 / 16
Қақпашы Абдаллах Аль-Муаиуфтің (Сауд Арабиясы) футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы голды жіберіп алған сәті.
6 / 16
Ойынның 12-ші минутында есепті ресейлік футболшы Юрий Газинский ашты.
7 / 16
РФ президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд Ресей және Сауд Арабиясы құрамаларының матчын тамашалап отыр.
8 / 16
"Лужники" стадионына жиналған жанкүйерлер "Ресей! Ресей!" деп ұран тастады.
9 / 16
Денис Черышев матчтағы екінші голдың иесі атанды.
10 / 16
Александр Головин, Марио Фернандес, Роман Зобнин және Сергей Игнашевич (Ресей) голды тойлап жатыр.
11 / 16
Бас төреші Нестор Питана (Аргентина) мен Александр Головин (Ресей).
12 / 16
Үшінші голды соққан - Артем Дзюба (Ресей).
13 / 16
Денис Чернышев матчтың қосымша берілген минутында тағы бір гол соқты.
14 / 16
Сонымен, есеп - 5:0. Александр Головин (Ресей) айыппұл соққысын жасап, допты қақпаға дөп түсірді.
15 / 16
Матчтан кейін Сауд Арабиясы құрамасы БАҚ өкілдерімен кездесуден бас тартты. Суретте: қақпашы Абдаллах Аль-Муаиуф.
16 / 16
Ресей құрамасы келесі ойынды 19 маусымда Мысыр командасына қарсы өткізеді.