Қоғам

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Аманияз Ержанов бұған дейін ҚР премьер-министрі кеңсесі индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болды
Sputnik

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан үкіметінің қаулысымен Аманияз Ержанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.   

Аманияз Қасымұлы Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Қаржы министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

1982 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, 1987 жылы БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі қызметінен бастаған.

2005 – 2006 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006–2007 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2007–2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.   

2012 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың тамызы аралығында — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың наурызына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2017 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін  — ҚР премьер-министрі кеңсесі индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.