Әлем

Ұялшақ қыз America's Got Talent шоуында көрермендерді таңғалдырды – видео

13 жастағы Кортнидің ерекше өнері тележобаның әділ-қазыларын таңғалдырғаны соншалық, оны бірден финалға жіберді
Sputnik

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Кортни Хадвин America's Got Talent таланттар шоуында ерекше өнер көрсетті.  

Димаштың қарындасы желі қолданушыларын таңғалдырды

Ұлыбританиялық оқушы сахнаға шыққанда қатты толқыды, қысылғаннан тіпті қызарып та кетті, алайда ән айта бастағаннан нағыз рок жұлдызына айналып шыға келді. Музыка басыла салысымен Кортни қайтадан ұялшақ қыздың кейпіне түсті.

13 жастағы қыздың ерекше өнері тележобаның әділ-қазыларын таңғалдырғаны соншалық, олардың бірі – канадалық актер әрі тележүргізуші Хоуи Мэндер "алтын түймешікті" басып, Кортниді бірден финалға жіберді. Көрермендер қызға тік тұрып қошемет көрсетті.     

Оқушының өнері жазылған видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып жатыр. Шоу жүргізушісі, америкалық модель Тайра Бэнкстің парақшасының өзінен 50 миллион рет көріліпті.