Спорт

Головкин — "Канело" рематчының табысы қалай бөлінетіні айтылды

Екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді
Sputnik

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Yahoo! Sports сарапшысы Кевин Йол қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үшін мексикалық Сауль Альвареспен рематч туралы келіссөздер сәтті аяқталғанын мәлімдеді, деп жазды Sports.kz.

Оскар де ла Хойя: Головкин - "Канело" рематчы өтетінін қуана хабарлаймын!

"Қос тарап табыстың қалай бөлінетінін жарияламауға келісті. Алайда Головкин өзі талап еткен 45%-ды алғаны сөзсіз. Golden Boy компаниясының басқа амалы болмады, оны өздері де білді. Табысты алғашқы жекпе-жектегі 30%-дан 45%-ға дейін көтерді. Сондай-ақ Альварес допингке қарсы мұқият тексеріледі. Бұл Головкиннің үлкен жеңісі, дегенмен ол жұдырықтың жойқын күшімен де жеңіске жеткісі келеді", — деп жазды Йол.

Айта кетейік, екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.