Оқиға

Шымкенттегі жантүршілерлік жол апатының видеосы жарияланды

Түркістаннан Шымкентке келе жатқан ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
Sputnik

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Шымкент қаласына жақын маңда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады TVK арнасы. 

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам мінген мопед қақ бөлінді

11 маусым күні кешке Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында, облыс орталығынан 15 километр жерде Түркістаннан Шымкентке келе жатқан ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен автожолақтарды бөліп тұрған қоршауға соғылған. 

Көлікте 5 адам болған. Жүргізуші мен алдыңғы орындықта отырған жолаушы сол жерде жан тапсырды. Үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Апаттың себебін жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр.