ҚОСТАНАЙ, 13 маусым – Sputnik. Қостанайда темірбетон бұйымдары комбинаты ауданынан әйел адамның денесі табылды.
"Наша газета" порталының жазуынша, мәйіт жаттығу залы ғимаратының артынан табылған.
Полиция бұл деректі растағанымен, оқиғаның мән-жайы енді анықталмақ.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйенсек, бұл ауданда үйлердің артындағы аулада үйсіз жандар тұрады екен.