АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Семен Слепаковтың "Олé-Олé-Олé!" әніне қатысты пікір білдірді, онда әзілкеш Қадыровты Ресейдің ұлттық құрамасының бас бапкері етіп тағайындауды ұсынады.
Слепаков "Рамзан приведет нас к призам, (…) Рамзан — твердый, как пармезан" немесе "Нервно курит Зидан, / Когда тренирует Рамзан" деп Шешенстан басшысын әнге қосады.
"Маған Семеннің әні ұнады, ішегім қата күліп алдым, бірақ менің сөзім ірімшіктей емес, тастан да берік. Шешенстанда қалжыңды түсінбейді деп қалмаңыздар, ол адамның қайда тұратынына байланысты емес қой. Слепаковтың да әзілі керемет, өзі біздің Кавказдыкі емес пе", — деп жазды Қадыров Telegram арнасында.
Бірақ әннің "қанша тырысса да, Ресей құрамасы "Әмірліктерден"0:2 есебімен ұтылып қалды" деген жері Шешенстан басшысының көңілінен шықпапты.
"Семен қанша мақтаса да, оның әнінде мен басқарған команданың ұтылып қалғаны өкінішті, әрине. Бұл дұрыс емес", — дейді ол.
Сөз соңында Рамзан Қадыров Слепаковтың "өз стилінде" шумақтап жауап беріп, әншіні Грозный қаласында жаңа әнін жаздыруға шақырды.