Қоғам

Астанадағы жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірдің суреті жарияланды

Жаяу жүргіншілер мен ведосипедке арналған көпір Самал шағын ауданы мен Орталық саябақты байланыстырады
Sputnik

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Есіл өзеніндегі жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірдің суретін кәсіпкер Айдын Рақымбаев әлеуметтік желіде жариялады.

"Осы аптада Есілде серуен құрған теплоходтарға осы бір әдемі көпірдің астынан өтуге мүмкіндік береміз. Конструкцияның ұзындығы 300 метр, 2000 тонна металдан тұрады, 2450 күлте бірде-бір рет қайталанбайды", — деп жазды Рақымбаев.

Жаңа көпір Самал шағын ауданын Орталық саябақ және амфитеатрмен байланыстырады. Жаяу жүргіншілерден бөлек бұл көпірмен велосипедшілер де жүре алады. Көпір жобасын Астананың урбанистика орталығы әзірлеген.