Қоғам

"Әке-шешем жаза алмайтын". Назарбаев осы күнге қалай жеткенін айтты (видео)

Нұрсұлтан Назарбаевтың жол сілтейтіндей ешбір жоғары білімді туысы болмаған
Sputnik

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. ҚР президентінің телерадиокешені Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың архивтегі сұхбаттарының бірінен үзінді жариялады.    

"Мен шалғайдағы ауылдан шықтым, әкем газет қана оқитын, жаза алған жоқ, ал анам оқи да, жаза да алмады. Олар сауатты болмады.   Оның үстіне "Нұрсұлтан, сонда бар, мұнда кел" деп айтатындай ешбір жақыным жоғары білім алмаған. Ешкім болған жоқ. Осы күні неге қол жеткізсем де өз еңбегіммен таптым, іздендім, өзімді жан-жақты дамыттым", — дейді  Нұрсұлтан Назарбаев.