Қоғам

Біртанов менингит жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 60 адамға менингит жұқтырды деген диагноз қойылған
Sputnik

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі менингит бойынша ахуал тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Менингит мәселесі бақылауда. Кеше бір адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Жалпы, осы дертке шалдыққан науқастардың жағдайын жеке өзім бақылап отырмын. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", — деді министр Үкімет кулуарында.

Біртанов кеше Алматыдағы ауруханаға бір бала ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты.

"Алайда оның денсаулығы қазіргі таңда бірқалыпты. Оған нақты диагноз қойылған жоқ. Менингит жұқтырды деген диагноз нақты 60 адамға қойылды. Аурудың жаңа деректері тіркелген жоқ, сондықтан мәселе бақылауда. Қазіргі таңда ауруханада менингококк инфекциясын жұқтырған 11 адам емделіп жатыр", — деді ол.