Оқиға

Қарағандылық әйел зейнеткерді айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді

Қарағандыда ішімдікке сылқия тойып алған әйел 79 жастағы зейнеткерді пышақтап тастады
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Полиция зейнеткерді өлтірді деген күдікпен Қарағанды тұрғынын ұстады. 

Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні Қарғандыдағы пәтерлердің бірінде пышақталған қартаң әйелдің денесі табылды. Қаскүнемді іздеуге облыстық ішкі істер бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.    

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады. Ол марқұмның пәтерінде мас күйінде болғанын және зейнеткерді жарақаттағанын мойындады.  

Аталған факт негізінде "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.