Оқиға

Павлодарда 16 қабатты үйдің терезесінен отбасылы жігіт секіріп кетті

"Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатынан секіріп кеткен 31 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Бұл жөнінде Instagram әлеуметтік желісіндегі tiрavlo парақшасы жарияланды. 

Парамен ұсталған "Қазводхоз" филиалының директоры терезеден секіріп өлді

Оқыс оқиға болғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.  

"1987 жылғы жігіт қайтыс болды, –  деді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. – Шақырту сағат 12.50-де Кутузов көшесі, 52 мекенжайы бойынша түскен.  Биологиялық өлім тіркелді. Басқа ақпарат жоқ. Істі полиция тексеріп жатыр. Жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ол өлімге әкеп соқтыратын ауыр жарақаттар алған". 

Облыстық ІІД "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын  мәлім етті. 

"Ер адам отбасымен бірге осы үйде тұрғаны анықталды", — деді ведомствоның баспасөз жетекшісі Баян Мағзұмова.