Қоғам

"Кедентранссервис" АҚ вице-президенті ұсталды

"Кедентранссервис" топ-менеджерлері пара алды деген күдікке ілінді
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарасты "Кедентранссервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов пен сатып алулар және келісімшарт жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының басшысы Дулат Уваев тұтқынға алынды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы полицейлері ірі көлемде парамен ұсталды

Компания басшыларын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алғаны үшін ұстап, тергеу абақтысына қамаған.  

"Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2018 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен Ғалым Қасқырбайұлы Мұқанов пен Дулат Серікұлы Уваевқа қатысты екі айға дейінгі мерзімде, яғни 2018 жылдың 6 тамызына дейін қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп түсініктеме берді сот.

Компания басшыларының кінәсі дәлелденсе, параның 70 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.