Қоғам

Қадір түнін құлшылықпен өткізген жанның күнәлары кешіріледі

Қадір түнінің мән-мағынасы мен қасиеті жайында және оны қалай өткізу қажеттігі туралы Ресей муфтилері кеңесі мен Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Рушан (Хазрат) Аббясов айтып берді
Sputnik
Аббясов: самое главное в Ночь Аль-Кадр – искренне раскаяться за грехи

"Мұсылмандар бұл түнді құлшылық етіп, күнәлары үшін кешірім сұраумен өткізуге тырысады, сонымен бірге дұғаларында жақын-жуықтары мен туған-туыстарына амандық, жер бетіндегі бейбітшілікті тілейді. Сол себепті мұсылмандар таңға дейін Қасиетті Құран кітабын оқып, дұға жасаумен болады. Осы түннен сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, Алла олардың күнәларын кешіріп, мейірімін сыйлайды", — деді Аббясов Sputnik Тәжікстанға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, адам баласының тағдыры ол дүниеге келгеннен бұрын жазылған, алайда дәл осы түні дұға етіп, қиындықтардан арылтуды сұрай алады. Ең бастысы, шын жүректен өкініп, Алладан жіберген қателіктері мен күнәлары үшін кешірім сұрауы тиіс.

Аббясовтың сұхбатын толығырақ аудиофайлдан тыңдай аласыз.