Саясат

Қазақстан Қытай азаматтары үшін визаны алып тастағаны рас па? СІМ жауабы

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы желіде визасыз режим туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?

"Мессенджерлерде тарап жатқан Қытай азаматтары үшін визалық режимді алып тастау туралы ақпарат жалған", — делінген хабарламада. 

Ведомство Қазақстан Қытай тарапымен Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұлғайту туралы, сондай-ақ Қытайға барғысы келетін қазақстандықтар үшін жеке виза беруді жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. 

Бұл бағыттағы жұмыс жан-жақты өзара ынтымақтастық пен тараптардың мүддесін құрметтеу негізінде жалғасып жатыр, деп мәлімдеді министрліктен.