Оқиға

Маңғыстау облысында жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған, нақты саны әлі белгісіз
Sputnik

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысында Жаңаөзенге жақын жерде бетпе-бет соқтығысқан автокөлік түгі қалмай жанып кетті, зардап шеккендер бар.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, жол апаты 10 маусымда 20:00 кезінде болған.

Lexus ES 330 ылдиға шыға бере, алдындағы көлікті озбақ болып, қарсы беттік қозғалыс жолағына ауысады. Салдарынан Lexus қарама-қарсы келе жатқан Toyota Avalon көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Avalon көлігі отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды "Лада".

1 / 3
Маңғыстау облысында автокөлік түгі қалмай жанып кетті
2 / 3
Маңғыстау облысында автокөлік түгі қалмай жанып кетті
3 / 3
Маңғыстау облысында автокөлік түгі қалмай жанып кетті

Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы берген мәлімет бойынша, бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланады.