АСТАНА, 10 маусым— Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Астанадағы жағалауда үлкен ұлы Нарұлмен бірге ән шырқады.
"Менің әкем" әнін шырқап жатқан әке мен ұлдың видеосы Қайраттың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Алдымен әнді кішкентай Нарұл бастайды, кейін оған әкесі қосылған. Қолданушылар әке мен ұлдың әні үйлесім тапқанын жазып жатыр, олар Халықаралық әке күні қарсаңында мұндай дуэттің символикалық мәні бар деп есептейді.