Оқиға

Шығыс Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жұмбақ жағдайда қаза тапты

Қостанайлық отбасының жалғыз ұлы әскерге келгеніне бір ай өткен соң ұйқыда көз жұмған
Sputnik

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. 21 жастағы қостанайлық Валерий Кружнов Аягөз қаласында әскери борышын өтеп жүріп қаза тапты.

Валерийдің туыстары "Костанайские новости" басылымына хабарлағандай, ата-анасына ұлының қазасы жайында 8 маусымда хабарлаған. Жігіт ұйықтап жатып көз жұмыпты.

Алматы облысында өлі күйінде табылған сарбаз тілші болып істеген

Туыстарының сөзіне сүйенсек, әскерге шақырылған кезде Валерийдің денсаулығында кінәрат бары анықталған, оған кардиалгиялық синдром диагнозы қойылады. Бірақ жас жігіт науқасына қарамастан, әскери борышын өтеуге аттанады. Комиссия оны әскерге жарамды деп таныған.

Бірінші мамырда Валерий Кружнов Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келеді. Әскерде жүріп бірде-бір рет денсаулығына шағымданған емес.

Қазақстан қорғаныс министрлігі сарбаздың өлімін растап, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатқанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігі басшылығы мен ҚР Қарулы күштерінің бүкіл жеке құрамы сарбаздың қазасына байланысты отбасы мен туыстарына көңіл айтады.