Қоғам

Қазақстан Ресейдің бес компаниясының өнімдеріне тыйым салды

Құстың етінен сальмонелла, ал шұжықтардан шошқа ДНҚ-сы табылыпты
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бес ресейлік компанияның өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойды.

Оралда балмұздақтан ішек инфекциясының қоздырғышы табылды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым сальмонелла қаупіне байланысты енгізілген. Бес экспорттаушының өнімдерінен бактериялар мен сальмонелла табылған.

Уақытша эмбаргоға ұшыраған кәсіпорындар: "Брянский бройлер" ЖШҚ, "Инжавинская птицефабрика" АҚ, "Приосколье" ЖАҚ, "Чебаркульская птица" ЖШҚ. 

Сонымен бірге "Царицыно" және "Чесночек" компанияларының шұжықтарынан шошқа ДНҚ-сы табылыпты.

"Аталған кемшіліктерді жою мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің қадағалау органдарына тиісті сауал жолдады", — деп хабарлады ведомство.