Өңірлер

Алматы полицейлері ірі көлемде парамен ұсталды

Полицейлер кінәсіз әйелден "істі жабу" үшін 30 мың доллар талап еткен
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Алматыда сот пара алмақ болған екі офицерді сегіз жылға соттады.

45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды

Былтыр маусымда полицейлер Алексей Григорьев пен Азамат Нұрболатов С. Осознавая азаматшаға қатысты қылмыстық істің эпизодын тергеген, әйел адам заң бұзбағанымен, офицерлер одан қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін пара сұрапты.

Әйел адам сылтауратып, уақыт созып, қарашада жемқорлыққа қарсы қызметке шағым түсіреді. 6 желтоқсанда полицейлер параның бір бөлігін — 2 миллион 100 мың теңге (6 мың доллар) алыпты. Сол кезде Нұрболатов әйелді қылмыстық қуғындауды тоқтату туралы қаулыға басшылықтан қол қойғызады. 

Қалған ақшаны алғысы келген Григорьев әйелге келіп, үндемеуге белгі беріп, қағазға "алып келдіңіз бе?" деп жазады, әйел адам "иә" деп жауап береді. Содан соң Григорьев әйелді көлікке отырғызып, алысырақ тоқтайды да, қағазға "жүксалғышқа салыңыз" деп жазады, әйел адам ақшаны көрсеткен жерге салады. Басым көпшілігі жалған ақшадан тұратын 24 мың долларды алған Григорьевті жемқорлыққа қарсы қызмет жасағы құрықтады.

Сотта полицейлер айыбын мойындамаған. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты бұрынғы полицейлерге пара алмақ болғаны үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Екеуі де шендерінен айырылып, алған параның қайтарымы ретінде 1 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.