Оқиға

Астанадағы қанды оқиға: күдікті әлі ұсталған жоқ

Әлеуметтік желілерде елордадағы "Артем" базарында болған қанды оқиғаның видеосы тарады
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі базарда болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Артем" базарында болған қанды оқиғаның видеосы жарияланды. Видеода жедел жәрдем дәрігерлері ес-түссіз жатқан ер адамды ауруханаға алып кетіп жатыр. Ер адамның үсті-басы қан-жоса, базардың іші мен айналасы да қанға боялған.

Астаналық полицияның мәліметінше, оқиға 7 маусымда болыпты. 

"Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінде болған бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті анықталды, оны ұстау шаралары қолға алынды", — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.